Жыл сайын қала бюджеті жоспарланғанда тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық саласы да қамтылады. Оған жылу және сумен қамту, абаттандыру, тұрғынүй көшелерін жарықтандыру сынды маңызды нысандар қарайды. Жауапты бөлім жетекшісінің айтуынша жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жаңа маусымға дайындық басталады. Бұл тұрғыда бірқатар іс шаралар әзірленуде.
Қала әкімінің өкімімен құрамына барлық коммуналдық қызметтер енгізілген штаб құрылады. Әрбір субъектінің жаңа жылу беру маусымына дайындығы тексеріледі. Орның ішіне уақытына дайын болуы тиіс әлеуметтік нысандары бар.
Сумен қамтамасыз ету нысандары да жылыту нысандарына дайындық жұмыстары жүргізді. Барлық су тарту нысандары су құбырларымен кәріс жүйелері штаттық тәртіпте жұмыс істейді деп атап өтті бөлім жетекшісі. Сондай-ақ, жарықпен жабдықтау нысандары бойынша бірқатар шаралар атқарылған.
Тұрғынүй қорына тоқталсақ, орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған 1200-ден астам үйдің дайындық құжаттары бар. Мұндай үйлерге жылу мен ыстық су беру еш қиындықсыз жүргізіледі. Көшелерді жарықтандыру бойынша Еуразиялық қайта құрумен дамыту банк аясында меморандумға қол қойылғаны белгілі. Бүгінгі таңда осы жоба бойынша жоспарланған нысандар ендігі пайлануға берілді.
Мысалы, көшелерді жарықтандыруды үнемдеу мақсатында ақылды жарықтандыру жүйесі енгізілмек. Оның барысында есепке алу құрылғылары орнатылады. Ол бойынша Семейде жұмыс істейтін мердігер анықталды. Ал, қаланы абаттандыруға келетін болсақ, жазғы кезеңге жоспарланған қаражат аясында барлығы орындалды дейді бөлім жетекшісі.