
Белгілі болғандай, Знаменкая тасжолының бойындағы қалаға жақын орналасқан 18 шағын станцияда қысқа тұйықталу болған.
«35 кВ-тық электр тарату желісіндегі қысқа тұйықталу салдарынан аспанда доға тәрізді көрініс пайда болды. Зардап шеккен ешкім жоқ. Қазір шағын станция жұмыс істеп тұр», - деп түсіндірді «Кегок» АҚ «Семей аумақтық электр желілері» филиалының мамандары.
Қазіргі уақытта мамандар қысқа тұйықталудың себебін анықтауда.