USD449.3EUR489.69RUB4.89

ТМД оқу орындары интернет-олимпиада қатысушыларын Семейде марапаттады

25 қараша 2020, 11:54
Студенттер өздерін сайлау жүйесіндегі білімдерін тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемнің өзге елдерінде де дәлелдеп келеді. Олимпиадаға ТМД елдерінен көптеген студенттер қатысты, аталған олимпиадаға Семейдің студенттері де қатысқан еді. Семей медицина университетінің және Шәкәрім атындағы университетінің студенттері өз білімдерін танытты.
ТМД оқу орындары интернет-олимпиада қатысушыларын  Семейде марапаттады

- Бірінші рет Семей студенттері ТМД елдері арасындағы интернет-олимпиадасының жеңімпазы болып танылды. Біз бүгін ТМД Халықаралық парламенттік Ассамблеясы және орталық сайлау комиссиясы атынан алғашқы 10 сертификатты тапсырамыз. Осы студенттер Абайдың мерейтойлық жылында әлемдік деңгейде біздің қаламызды абыроймен көрсетті. Студенттер қазірдің өзінде мемлекет негізінде әрқайсысымыздың еңбегіміз тұрғанын біледі. Заңды білетін студенттер үшін болашақта көптеген перспективалар ашылады. Олар сайлауға және сайлануға толықтай құқылы, олар сайлауда бақылаушы бола алады және сайлау компаниясы қалай жүруімен танысуға құқылы. Кейінірек олар сайлау комиссиясының мүшесі, одан кейін қалалық және облыстық мәслихат депутаты, Мәжіліс депутаты, тіпті еліміздің президенті бола алады. Осы балаларды жарқын болашақ күтеді - дейді Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Токаев.
Студенттер үшін олимпиадаға қатысудың өзі ынталандыру болды. Олимпиадаға қатысушылардың бірі, Семей медициналық университетінің студенті Елдар Азамат олимпиада аяқталысымен өзінің саяси болашағы туралы ойын ортаға салды.
- Мен бұрын көптеген байқауларға және дебаттарға қатысып жүргенмін. Алайда, осы олимпиада мен үшін ең көлемді олимпиада. Ол тест форматында өтті, қызықты болды. Тестке дайындалу барысында мен көптеген жаймен таныстым. Бұл білімдер маған болашақта қажет, мен енді сайлауда қанша адам сайланатынын және сайлау қалай жүретіні туралы білемін. Осы олимпиада сонымен қатар маған болашаққа мотивация берді, заңды біле тұра, мен енді сайлауға тек қана сайлаушы ретінде ғана емес, басқа санатта қатыса аламын, - деп өзінің әсерімен бөлісті Елдар.
Кейінгі толқын өкілдері осы жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Студенттердің айтуынша, олар болашақта осындай шараларға белсенді қатысуды жалғастырмақ және тәжірибе жинап, саяси салада алға жылжымақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar