USD514.65EUR544.6RUB5.17

Тұрғындарға таңдау құқығы берілді

19 қараша 2020, 10:58
Кейбір қала тұрғындары қолданыстағы ережелерге қайшы, көпқабатты үйлердің пәтерлеріне газ баллондарын орнатуда. Егер бұрын бұл фактілер нақты дәлелденбеген болса, енді ТҮКШ бөлімі тәртіпті қалпына келтіруге ниетті.
Тұрғындарға таңдау құқығы берілді

   Газ баллондарын қолданатын пәтер иелеріне 10 АЕК айыппұл салынуы мүмкін, бұл - 27 780 теңге. Заңды тұлғалар үшін айыппұл мөлшері әлдеқайда жоғары. Бұрын коммуналдық қызмет заңдылығын бұзушыларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту қиын болатын. Қазір мамандардың бұған заңды түрде құқы бар. Өйткені, Семей газ саласы олардың бақылауына өтті. Ал жақын уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдері  заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында үйлердің айналасын тексеруді бастайды.

    Бүгінгі күні бұрын 306  газ құятын қондырғылардан қазір 88-і ғана жұмыс істеп тұр. 55 газ қоймасын қалпына келтіруге болады. Бірақ бұл туралы тұрғындар жалпы жиналыста хаттамалық шешім қабылдауы тиіс. Сонымен қатаркөпқабатты қабатты үйлерде немесе биіктігі жоғары ғимараттарда тұратын семейліктер пәтерлерінде газ баллондарын қолдана алмайтынын еске салайық.

   Жақын арада Семей көппәтерлі тұрғындарының алдында таңдау мүмкіндігі болады. Ішкі газ жүйесін қалпына келтіру немесе бүкіл үйде және әрбір жеке пәтерде қуатты заманауи электр сымдарын орнату қажеттігі тағы бар.

    Сондай-ақ, 2021 жылдың қыркүйегіне дейін қалада 102 бос газ цистернасы қолданыстан  шығарылуы керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar