USD483.23EUR534.74RUB5.12

Абай жылында Әуезов назардан тыс қалды

19 қараша 2020, 10:41
Биыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы атап өтілді. Осыған орай хакімнің ескерткішінің маңы қайта абаттандырылып, «Абай жолы» атты аллея да пайда болды. Алайда, Абайды әлемге танытқан Мұхтар Әуезов емес пе? Заңғар жазушының атындағы алаң бұған дейін, бірнеше рет жаңартылса да, оның сапасына тұрғындардың көңілі толмайды.
Абай жылында Әуезов назардан тыс қалды

Осыдан үш жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бірақ, түнгі уақытта алаң қараңғылық құшағында. Ескерткішке бағытталған шамдар мүлдем жанбайды.

Биылғы мамыр айында жауапты мекеме өкілдері Ұлы ақын Абайдың мерейтойына орай қалыпқа келтірілетінін айтқан еді. Бірақ алаң назардан тыс қалды. Тұрғынүй-коммуналдық шарушылық және тұрғынүй инспекциясы бөлімінен анықтағанымыздай өкімет қаулысына сәйкес биыл Әуезов алаңын Батыс Қазақстан облысы абаттандыру тиіс болатын. Дегенмен, Батыс өңір жобадағы міндеттемесін жүзеге асыра алмаған жайы бар.

Биылғы жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес, мұнда субұрқақ салып, шағын сәулет мүсіндері орнатылуы тиіс болатын. Жауапты бөлім мамандары жобаны келесі Жұмыспен қамту жол картасы аясында жүзеге асыру үшін өтінім бергендерін айтады.

Ең бастысы жалпы құны 600 миллионға бағаланған жоба жасалып сараптамадан өткен.

Ал, Әуезов алаңы – қаланың сол жағалаудағы жалғыз демалыс орыны.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar