Біздің мақсатымыз қыс түскенге дейін мұқтаж отбасының баспаналы болуына көмектесу. Мұндай отбасылар көп. Бірінші кезекте шынымен көмекті қажет ететін отбасыға көмектесуге тырысамыз. Біз әр отбасының қаржылық мүмкіндіктерін жан-жақты қараймыз. Бүгін Мамадияровтар отбасына жаңа үйдің кілтін табыстадық, 2-3 күн шамасында келесі отбасына да осындай сыйымыз бар. Жоба енді ғана жұмыс істеей бастауына байланысты күмәнмен қарайтындар да бар. Шын мәнінде бізде қажетті барлық құжаттар бар екенін айтқым келеді. Біз кеңседе жұмыс істейміз, қалаған адамдар келіп, мұқтаж отбасыларына көмектесулеріне болады. Өздері жеке көмек көрсеткілері келген тұлғаларға біз мұқтаж отбасының телефон нөмірлерін береміз – дейді жоба жетекшісі Даурен Кульчегишев.
Мамадияровтар отбасы үшін жаңа үй күтпеген тосынсый болды. Ерлі-зайыптылардың сөздерінен қуаныштың шегі жоқ екенін байқауға болады. Енді міне, жаңа үйде, қысқы аяздар қорқыныш емес.
Біз үй алуға көмектескендері үшін алғысымыз шексіз, өте қуаныштымыз. Осыған дейін жалдамалы үйлерде тұрдық, біреулердің саяжайларын паналадық. Осыған байланысты бізге баспана өте қажет. Қор жетекшісі келіп, бізге жаңа үй беретіндерін айтқанда, біздің таңданыстан қуанышымызда шек болмады. Әрине, басында сенбедік, біз үшін күтпеген оқиға болды, - дейді отанасы Анар Мамадиярова көзіне жас алып.
Жоба өкілдері қалалық мұқтаж және көпбалалы отбасыларының бірлестігімен бірге алдағы уақытта осындай көмекті жалғастыруды жоспарлауда.