
Бағдарламаның екінші бағыты – бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту. Микронесиелерді алуға 1808,6 млн. теңге берілді. Сомасы 121 млн. теңге. Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асырудың мемлекеттік грантын 218 адам алды. Грант ірі қара мал өсіру, кондитер өнімдерін дайындау, тігінші қызметі және тағы да басқа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлаған адамдарға берілді. Бағдарламаның үшінші бағыты – халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарқын дамыту. Аталған бағыт шеңберінде тұрақты жұмыс орындарына 833 адам орналастырылды. Жұмыссыз жастар уақытша жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға орналастырылды – деп мәлімдеді Айдар Самаев.