USD491.7EUR531.28RUB5.07

Бұрынғы «Зооветинституттың» тағдырын облыстық комиссия шешеді

11 қараша 2020, 15:56
Қала ортасында орналасқан бұрынғы мал дәрігерлік институты ғимаратының қабырғасы құлағаннан кейін семейліктер тарапынан «Тарихи ғимарат ескерткіш мәртебесін сақтай ма?» деген сұрақ жиі мазалай бастағаны рас. Қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Назерке Аққожинаның айтуынша, бұл көне ғимараттың ендігі тағдыры облыстық комиссияның шешіміне байланысты.
Бұрынғы «Зооветинституттың» тағдырын облыстық комиссия шешеді

Қазіргі жағдайды ескеріп, аталған сұрақты әділ шешу үшін қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Зүлфия Жамалтдинованың атына ғимараттың тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін сақтау немесе мәртебесінен айыру сұрағын қарастыру туралы хат жолданды, – деп мәлімдеді Назерке Аққожина. 

Қоғамдық кеңес шешімінен кейін және ғимарат иесімен тарихи-мәдени сараптама жасалғаннан кейін тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссия, мәртебеден айыру немесе одан бас тарту туралы ұсынымдық шешім қабылдайды.

 Комиссия оң хаттамалық шешім қабылдаған жағдайда құжаттары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы арнайы комиссияға жолданады.    

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar