Бірінші комиссияның мақсаты - мәдени мұра нысандарын анықтау. Екінші комиссияның мақсаты – тарихи, мәдени және архитектуралық нысанның сақталу деңгейін анықтауға бақытталған диагностика жасау және шолып қарап, ұйымдастырушылық талдау кешенін жүргізумен айналысады. Қалалық мәдениет бөлімінің жетекшісі Назерке Аққожинаның айтуынша, қала ішінде 35 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері қаралған.
- Комиссияның жұмысы барысында Мәңгілік Ел көшесінде орналасқан «Бинар» қонақүйінің ішкі қабырғалары бұзылғаны анықталды. Соған орай ғимарат иесіне түсіндірме берілді және аталған сұрақ бойынша шара қабылдау үшін уәкілетті органға хат жолданды – дейді Н. Мәулітқызы.
Бүгінгі күні қала бойынша 66 тарихи және мәдени ескерткіштер тіркелген. Оның ішінде 34 архитектуралық және қала құрылысы ескерткіштері, 16 монументтік өнер, 16 тарихи және археологиялық ескерткіштері бар. 10 ескерткіш республикалық маңызда, қалған 56 ескерткіш жергілікті маңызға жатады.