Міне, бір жылдан артық Семейде жаңа маршруттық жүйе енгізілді, аталған жүйе бойынша 42 бағыт бойынша, 355 автобус қызмет көрсетуде. Тек, № 54 маршрут қана ерекше болып табылады. Жолаушылар тасымалымен: «Таксомоторный парк» ЖШС, «Семей» автобус паркі» ЖШС және «Semey Bus» ЖШС айналысатыны белгілі. Карантиндік шараларға байланысты бағыттағы автобустардың қозғалыстары өзгерді. Тұрғындар әлі күнге дейін қоғамдық көліктер толықтай тоқтап, тек кезекші автобустар жұмыс істеген уақытты естеріне алады.
-Бүгінгі күні автобустардың кешкілік және түнгі уақыттағы бағыттық қозғалыстары қалпына келтірілді, автобустар желіде сағат 21:30-ға дейін жұмыс істейді. Түнгі уақытта жолаушыларды тасымалдау өте төмен, сағат 20:00-ден кейін, сағат 19:00-мен салыстырғанда жолаушыларды тасымалдау 88,5%-ға дейін төмендейді, – дейді Нұрлан Серғазинов.