USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде тұрақтандыру қорының өнімдерін сату жөніндегі меморандум жасалды

04 қараша 2020, 14:57
Семейде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру мақсатында тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда.
Семейде тұрақтандыру қорының өнімдерін сату жөніндегі меморандум жасалды

Сонымен, аймақтық тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімін орындау мақсатында "Ертіс Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ы қала үшін 3000 тонна жеміс-көкөніс өнімдерін, оның ішінде: 1000 тонна картоп, 850 тонна орамжапырақ, 400 тонна сәбіз, 750 тонна пияз сатып алды. Өнімдер "Приречное" Агрофирмасы" ЖШС-інен сатып алынды. Бұл туралы қалалық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдерінің өкілдері мәлімдеді.

31 қазанда тұрақтандыру қорының өнімдері толық көлемде жеміс сақтау қоймасына берілді. Сату қараша мамыр айлары аралығында аймақтық тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынысымен және ШҚО әкімдігінің Жарлығына сәйкес келісілген кестеге және көлемге сәйкес жүзеге асады.

Сонымен қатар, конференцияда тұрақтандыру қоры өнімдерін сату жөніндегі меморандум талаптарын сақтауға бақылау тұрақты түрде жүргізілетінін және де апта сайын бөлшек сауда кәсіпорындарындағы бағаларға мониторинг жүргізілетінін айтылды.

Қазіргі уақытта сауда кәсіпорындарымен тұрақтандыру қорындағы жеміс-көкөніс өнімдерін сату жөнінде меморандум жасау жұмыстары жүргізілуде. Өнімдерді сату орны кейінірек бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Бүгінгі күні бөлшек сауда кәсіпорындарымен "Ертіс" ӘКК" АҚ аймақтық тұрақтандыру қорындағы макарон өнімдерін (рожки) - 194 теңгеден, күріш - 281 теңгеден сату жөнінде меморандум жасалды.

Кәсіпкерлер бөлімімен сауда кәсіпорындары және тұрақтандыру қоры өнімдерімен жабдықтауды ұйымдастыру жөніндегі бағдарлама операторы араларында үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar