USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде 976 иммундық плазма дозасы дайындалды

04 қараша 2020, 14:20
Семей қаласындағы Қан орталығында 976 иммундық плазма дозасы дайындалды. Бұл Шығыс өңірде белгіленген норманың 90%-ын құрайды. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, аймақта 3500 иммундық плазма дозасын, ал оның 1200-ін Семей қаласы дайындауы қажет.
Семейде 976 иммундық плазма дозасы дайындалды

Иммундық плазманың қосалқы қорын әзірлеу Семей қаласында шілде айынан бастап жүргізілуде. Короновирус науқасымен ауырып сауыққан тұлғалар барлығы иммундық плазманың әлеуетті доноры бола алады. Бірақта, қан алу, кімнің қанында жеткілікті мөлшерде вирусқа қарсы антиденелер бар солардан ғана алынуы тиіс. Бұл үшін, бастапқыда зертханалық талдау жүргізілетіні белгілі. Иммундық плазма банкін дайындау жұмысы басталғанда Семейде 2000-ға жуық адам донор болуға ниет білдірді. Тек, олардың 329-нан ғана плазма дайындауға қан алынған.  Нәтижесінде бүгінгі таңда Қан орталығында 976 доза бар.
-Иммундық плазманың қалған көлемін біз ауыл тұрғындарынан аламыз. Олар антиденеге тесттер тапсырды. 20 ауыл тұрғынының нәтижелері жағымды, олар донор бола алады. Жақын арада біз оларды шақыра бастаймыз - дейді Қан орталығының дәрігер-трансфузиологы Айдана Мұратова.
Дәрігерлердің айтуынша, аймаққа барлығы 3500 иммундық плазма дозасын дайындау қажет. Ал оның 1200-і  Семей қаласында. Қазіргі уақытта облысымызда белгіленген лимиттің 90%-ы орындалды. Иммундық плазманы коронавирус індетімен ауырған науқастарды емдеуге пайдаланатыны белгілі.
- Иммундық плазма дайындалғаннан кейін біздің Орталықта сақталады. Қажет болған жағдайда біз оны қай уақытта болмасын, сұраныс жасаған медициналық мекемеге бере аламыз. Плазманың сақталу мерзімі - 3 жыл. Егер адам науқастанып плазмаға сұраныс туындаса, сұрау жолдап плазманы бізден немесе Өскеменнен алуға болады" – дейді А.Мұратова.
Бүгінгі күні облысымызда 2900 қан плазмасының дозасы дайындалды. Бұрын хабарланғандай, Шығыс Қазақстан Республика бойынша қажетті белгіленген көлемнің 70%-ын жинаған жалғыз аймақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar