USD491.71EUR529.97RUB5.05

Масқара болғаннан, маска таққан артық

04 қараша 2020, 12:00
Семейде қоғамдық көліктерде жолаушылардың санитарлық-эпидемиологиялық нормалдарды сақтау мақсатында тұрғындардың маска тағуы қатаң бақылана бастады. Масканы қалтада және басқа жерде сақтамай, оны міндетті түрде киіп жүру қажет.
Масқара болғаннан, маска таққан артық

Әйтпесе, тәртіп бұзушылар түсініктеме толтырып, соңы 80 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге «жетелейді».  Сонымен қатар, ШҚО бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, автобустарда адамдар арасындағы қашықтық та ескерілуі қажет. Алайда, күнделікті автобустарда, әсіресе қарбалас сәттерде орын болмайды. Жолаушылардың бұған кінәсі жоқ.     

- Облыста КВИ індетінің жаңа жағдайының тіркелуінің бір себебі – адамдардың қоғамдық көліктерді пайдалануы. Сол себепті, норма талаптарына сәйкес, автобустарда кісі қарасын көбейтпеу қажет. Ара-қашықтықты сақтау керек болғанымен, бұл талаптар сақталмауда. Бұған халықты кінәлауға болмайды, оған автобус парктерінің жетекшілері кінәлі. Бізден тиісті шаралар қабылданып, парк жетекшілеріне жолаушыларды отырғызу жөнінде хаттар жолданады. Автобустарда жолаушының маскамен жүруіне тексеру жүргіземіз. Бүгін біз автобуста маскасыз жүрген азаматшаны айқындадық. Оның маскасы бар, алайда қалтасында болған. Біз аталған азаматшадан түсініктеме алдық, материалдары ТҚСҚБ жолданады. Осыған байланысты біз қалалықтарды, өздерінің және жақындарының қауіпсіздігін сақтау үшін қоғамдық орындарда маскамен жүруге шақырамыз – дейді ТҚСҚБ Семей қалалық басқармасының жетекші маманы Мұрат Ченемесов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar