USD484.37EUR531.06RUB5.05

Водный кенті - қала әкімінің назарында

30 қазан 2020, 16:22
Семей қаласы – қазақ елінің рухани-мәдени астанасы саналатыны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның жарлығымен «Қазақстанның тарихи орталығы» деп атау берілгені де жұртшылыққа мәлім. Сонымен қатар, халқымыздың дана да, дара тұлғалары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің ойын өрістеткен, тәлімін, рухани мол мұрасын қалдырған қала.
Водный кенті - қала әкімінің назарында

Дана Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай қалаға ерекше көңіл бөлініп, оның көркеюуіне, тарихын танытуына мән берілуде. Әрине, қала ішінің көркеюі қала тұрғындары мен қонақтарын қуантатыны анық.

Семей қаласының әкімшілік-аумақтық қарамағына қала маңындағы ауыл-аймақтар да кіретіні белгілі. Сондай ауылдың (кенттің) бірі – Водный кенті. Іргесінде «Восход» аталатын ауыл да бар.

            Мұндағы тұрғындарды қаламен байланыстыратын үш автобус (№35, 20, 56) қатынайды. Бұрындары шағын автобустар ғана жүретін, тұрғындардың тілек-талаптарын әкімшілікке жеткізудің нәтижесінде №35 автобус қосылды.

            Десек те, кент халқының өтініш-сұранысы мұнымен де шектелмейді. Олардың мұқтаждықтарын жеткізу мақсатында осы кенттің тұрғыны Аягөзден көшіп келген ақсақал Махмуд Сариев, Ақсуаттан көшіп келген мен – Совет Тоғызбаев үнемі кеңесіп отырамыз. Көктемде қала әкімі Е.Б. Сәлімов мырза кездесу туралы тілегенімізді қабыл алып, №34 орта мектепте бірнеше мекеме басшыларымен бірге ақсақалдардың, тұрғындар айтқан ұсыныс тілектерін тыңдаған еді.

Онда көтерілген мәселелер:

  1. Тас жол бойында жарық жоқ, түнде жүру қиын;
  2. Көшелер шұңқыр, көктемде, жаңбырдан кейін көлшіктер пайда болады, жаяу адамды айтпағанда, машиналардың жүруі қиын. Сол жолдарға құм төселсе;
  3. Ауыз су мәселесі: құдықтардың суының бірі ащы болса, екіншісі майлы. Іргеміздегі «Таймас» заводының суы тартылса. Адам денсаулығының 60% ішкен суының тазалығына байланысты екені ақпаратта жиі айтылады. Осы мәселе шешілсе;
  4. Кентте №34 аралас тілді бір ғана орта мектеп бар. Тұрғындардың барлығының балалары мұнда оқуға мүмкіндік жоқ. Орын жоқ. Сондықтан көбі «Шығыс» кентке, қаладағы (№ 6, 18, т.б.) мектептерге барып оқиды. Ата-аналары оларды шығарып салады, тосып алады. Бұл өте ауыр. Осы жағдайды ескеріп тағы мектеп салынса деген т.б. мәселелерді қойған едік. Әкім мырза шешімін табуға уәде берген еді.

Хан Абылай өзінің билеріне:    

  1. Жердің құты не?
  2. Елдің құты не?
  3. Ауылдың құты не?
  4. Аймақтың құты не? – деген сұрақ беріпті.

 

Сонда Няз деген би:

  • Хан ием, жердің құты табыр емес пе?
  • Елдің құты елін сүйген ер емес пе?
  • Ауылдың құты ақылды ибалы әйел емес пе?
  • Аймақтың құты әділ, елтанды әкім емес пе? – деп жауап берген екен.

Даналарымыздан жеткен мына нақылды да еске алайық «Әкім бол, әкім болсан, халқыңа жақын бол».

            Қала әкімі Е.Б. Салимов мырза сөзінде тұрып, «Водный» кентіне баратын тас жол бойына жарық орнаттырды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған мәселелердің шешімін таба білді. 

  • «Таймастың» тұщы суын тартуды бастады, құбырлар әкелініп, қазу жұмыстары басталды.
  • Көшелерді тегістеу жұмыстарын қаладағы белгілі меценат, кәсіпкерлерді қатыстыра отырып, бөліп берді.
  • Семипалатинск және Республиканск көшелеріне жарық орнату тапсырылып отыр.
  • № 4 саяжайдан мектеп салу жұмысы басталды.

Осындай мәселелерді шұғыл, ұзаққа созбай шешуді тапсырған әкімге тұрғындардың алғысы шексіз. Басталған істің тиянақты аяқталатынына сенеміз.

Басшының қамқорлығын көрген ел бақытты, ел алғысына бөленсе басшы (әкім) бақытты.

 Өміріміз ынтымақ берекемен, сеніммен көрікті де мәнді болсын!

 

 

                                                                                                                                                  Тоғызбаев Совет Қалиұлы

                                                                                                                                                  Еңбек ардагері, ҚР білім беру

                                                                                                                                                  ісінің үздігі, «Ақылдастар»

                                                                                                                                                  ауыларалық Қоғамдық

                                                                                                                                                  бірлестігінің мүшесі.

                                                                                                                                                 Водный кентінің тұрғыны.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar