Соған орай, Семей қаласы әкімдігінде Ауған соғысының ардагері Сұлтан Омаровқа Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы Бас елшілігінің, қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдері және қала әкімі Ермак Сәлімов құрмет көрсетті.
- Міне, Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл болды. Біз ерлік пен батырлық танытқан, өздерінің әскери міндеттерін абыроймен және адал атқарған барлық интернационалист-жауынгерлерге құрмет білдіреміз. Адамның соғыста танытқан батырлықтарының өлшемі жоқ. Нұр-Сұлтан қаласындағы ресейлік ғылым және мәдениет орталығы атынан шын жүректен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, құрмет және Қазақстанға пайдалы еңбек сіңіруіңізге тілектеспін-деп Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясы Бас елшілігінің вице-елшісі Николай Тищенко Сұлтан Боранбайұлына жылы лебізін білдірді.
Кездесуде жауынгер-ауғандықтардың рөлі де атап өтілді. Бүгінгі таңда Ауғанстандағы әскери іс-шараларға қатысқан тұлғалар қазіргі қоғамның пайдасы үшін белсенді жұмыстар жүргізуде. Бірлескен бірқатар ұйымдар және бұрынғы кеңестік республикалардағы ауған жауынгерлерінің бауырластығы Қазақстан және Ресейдің қоғамдық өмірінде маңызды рөлдер атқаруда. Олар мүгедектерге және соғыста қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына көмек көрсетуде.