USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абаттандыру жұмыстары аяқталама ма?

30 қазан 2020, 15:07
905-ші құрылыс шағын ауданындағы жарты жылға жуық созылған абаттандыру жұмыстары әлі де бітер емес. Мерзімінде аяқталмады дейді жергілікті тұрғындар.
Абаттандыру жұмыстары аяқталама ма?

Естеріңізге сала кетейік, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы шаһарымыздағы 4 бірдей ауланың абаттандыру жұмыстарын өз жауапкершіліктеріне алып, тарту сый ретінде ұсынуға ықылас білдірген еді. Сәйкесінше, аталған жұмыстар ойдағыдай уақытылы басталған.

   Бұл ретте жергілікті тұрғындардың пікірі екі түрлі. Бірі «шаң басқан ауламыз жақсарды» деп қуанса, екінші тарап ауланың уақытылы аяқталмай жатқанына қапалы.

Ауланың абаттандыру жұмыстарының аяқталмай жатқанына балалардың да айтары бар. Себебі бүгінгі күні жас жеткіншектер бос уақыттарында алаңқайларда спорттық ойын ойнап, доп тебу үшін өзгенің ауласын шарлауға мәжбүр болған.

Айта кетейік, бұл ауданда абаттандыру жұмыстары 4 мамыр күні басталған. Ал, Шымкенттік «Талап Строй» ЖШС-нің  өкілі, учаскі басшысы Сухрап Салметовтің сөзінше қаржыландырудың тоқтап қалғанына қарамастан, жұмыстар әлі де жалғасуда. Тіпті, бастау алған күннен бері бір сәт тоқтаған емес. Қазір де мердігер ұйым қаражат көзін өз мекемелерінің бюджетінен алуда.

Бүгінде «Талап Строй» ЖШС Карменова 72, 74,76 мен Глинкa және Шәйжүнісов көшелерінің аулаларын абаттандыруда. Сондықтан,  мердігер ұйымның өкілдері бір ауланың белгілі бір құрылысын аяқтаған соң, сәйкесінше екінші аулаға көшетіндіктерін айтып ағынан жарылды. Сол себепті, халық жұмысты тоқтап қалды деген пікірге балайды.  Қазіргі таңда көгалдандыру, тратуарлармен асфальттарды орнату сынды жұмыстар толық аяқталған. Учаскі басшысы жыл соңына дейін аталған нысанды абыроймен өткізуге уәде берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar