- Қазан айында Тұрсынғазы Рахимов атындағы қоры қалалық әкімшілікке композитордың құрметіне арналған ескерткіш орнату үшін орын анықтауды сұраған арнайы хат жолдауына орай қолайлы орындар қаралды. Бұрын Б.Жамақаев көшесі бойында музыкалық колледж алдында кішігірім шығармашылық алаңын құру жоспары болған, сол жерде ескерткіш орнату ұсыныстары бар. Өзге орындар да қарастырылуда. Мысалы, Тұрсынғазы Рахимов жұмыс істеген музыкалық мектеп немесе мәдениет сарайы алдына да қоюға болады. Келесі жылға жоспарланған композиторды еске алу мақсатына орай қалада бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда - деп қала әкімінің орынбасары А. Садырбаев атап өтті.
Кездесуде қала белсенділері, қоғам қайраткерлері және мәдениет бөлімінің өкілдері аталған сұрақтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар қала басшысы Ермак Сәлімов Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығын дайындау және тойлау сұрақтары бойынша жеке жиналыс өткізуге уәде берді.
Тұрсынғазы Рахимов 1951 жылы Аягөз қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы өнер және эстрада республикалық студиясының түлегі. Қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген. Сазгер есімін ел-жұрт ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерімен жақсы таниды. «Аягөз-ару», «Сәби болғым келеді», «Отыздан асып барамын» әндері бүгінде ел ішіне кеңінен таралған.