USD448.56EUR478.03RUB4.79

«Абай жолы» эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

14 тамыз 2020, 09:54
Massaget.kz жастар порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ерекше жоба жасады.
«Абай жолы»  эпопеясының  видеосаммариі  жарық көрді

Портал Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр. «Абай жолының» қысқаша мазмұны әр тарау бойынша дайындалды.

Төрт томдық эпопея барлығы 28 тараудан тұрады. Бірінші томда 7 тарау, екінші томда 8, үшінші томда 6, төртінші томда 7 тарау бар. Әр видеосаммаридің ұзақтығы – 12-15 минут.

Видеосаммари – кітаптың негізгі идеясын, мазмұнын видео түрінде ұсыну.

Кішкентай көрермендердің назарын аудартып, картинаны қабылдау қабілетін арттыру үшін doodle анимация стилінде ұсынылды, дыбыстық фон қосылды. Жоба жетекшісі – Ернар Алмабек, суретшісі – Томирис Есқали, дыбыстаған – Шамшаддин Омаров.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar