Қазіргі уақытта Алматы облысы Әуезов пен Селевин көшелерінің қиылысынан ет комбинатына дейінгі «Абай жолы» жаяу жүргіншілер аймағын құру жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде жұмыстың 80% аяқталды. Жоспарға сәйкес, нысанды тапсыру қыркүйек айында жоспарланған.
- Екі күн бұрын БАҚ-та бірқатар өңірлер Семейге Абайдың 175 жылдығына көмектесуден бас тартқаны туралы ақпарат шықты. Алайда Алматы облысы жұмыстардан бас тартқан жоқ және барлығын мерзімінде орындайды. Біз «Абай Жолы» нысаны орындап жатырмыз. БАҚ-тардың айтуынша, нысанды шілде айының ортасында тапсыру керек едік. Бірақ бұл олай емес. Құжаттар бойынша жұмыстар 18 қыркүйекте аяқталуы тиіс. Осы уақытқа дейін бәрі дайын болады, біз уақытында үлгереміз. Жұмыс мамыр айының соңында басталып, бүгінгі күнге дейін жұмыстың 80%-ын аяқтадық, - дейді жұмыс өндірісінің жетекшісі Рафаил Хазипов.
«Абай жолы» жобасы дегеніміз – ұзындығы 2 100 м жаяу жүргіншілер көшесі болып табылады. Жобаға сондай-ақ ұзындығы 1 600 м веложол кіреді, ол теміржол өткелінен басталып, Еткомбинатында аяқталады. Сондай-ақ, мұнда күзде мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланып, көше бойында Абайдың сөздері жазылған жеті стела орнатылатын болады.
- Тапсыру күніне бәрі дайын болады. Көбінесе жергілікті құрылыс материалдарын қолданып отырмыз: төселген тастар, шамдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері осы Семейдікі. Бордюр Текелі қаласынан әкелінді, спорт және балалар алаңдары Алматы істелінген. Веложол «Гордорстрой» кәсіпорнының күшімен жасалады. Сонымен қатар, мұнда гүлдер мен ағаштар отырғызылады. Бұл біздің қаламыз үшін үлкен сыйлық, – дейді Рафаил Хазипов.
Жалпы бұл жобаға 600 млн.теңгеден аса қаражат бөлінді.