
Аймақ басшысы жергілікті ақсақалдармен бірге ескерткішке гүл шоқтарын қойып, жаңартылған Абай алаңын аралап шықты. Онда жасыл газон жаңартылып, заманауи төсеме тастар қойылып, саябақ шамдары ауыстырылған.
Сондай-ақ, ескерткішке көркемдік жарық беретін арнайы шамдар орнатылып, ескерткіш пен тұғыр қайта жөнделген, балалар және спорт алаңдары да қайта жабдықталып, қала тұрғындарының игіліне берілді. Өңір басшысы атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.