USD448.56EUR478.03RUB4.79

ШҚО криминалисттері заманауи оқу полигонында біліктілігін арттыруда.

06 тамыз 2020, 15:58
Криминалистикалық ғылымды дамыту үнемі кәсіби өсуді және полиция қызметкерлерінің потенциалын күшейтуді талап етеді. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығымен жеке құрамның біліктілігін арттыру бойынша қажетті теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізу үшін шаралар қабылдануда.
ШҚО криминалисттері заманауи оқу полигонында біліктілігін арттыруда.

Осыған орай, Семей қалалық полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің базасында жас қызметкерлерді оқиға орнын қарауға, қылмыстың жеке түрлерін тергеудің әдіс-тәсілдерін және шынайы өмірлік жағдайларды барынша тиімді сипаттауды оқытуға арналған тергеу-криминалистикалық  оқу полигоны ашылды.

Криминалистикалық полигон негізінде оқыту криминалистикалық ғылымды дамыту жағдайында іздердің әртүрлі түрлерімен (қол, аяқ, микробөлшектер және т.б.) жұмыс дағдыларын дамытады.

Полигонда бірнеше негізгі орындар қарастырылған (пәтер, дүкен, көлік құралдарымен көшелер және басқалар). Барлық орындар көрсету үшін қажетті жиһаздармен, манекендермен және декорациялармен жабдықталған.

- Орындардағы жағдайлар шынайы өмірдегі және оқиға орнын қарау кезіндегі тәжірибелік сабақтарды өткізу ғимараттағы және сол сияқты көшедегі де жағдайларға жақын. Жаңадан ашылған полигон Семей қалалық полиция басқармасының ғана емес, жақын маңдағы аудандық бөліністердің жеке құрамымен оқу-жаттығу шараларын өткізуге мүмкіндік береді, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Полиция подполковнигі атап өткендей, облыстық полицияда оқу полигонын ұйымдастыру тәжірибесі бар, осындай тергеу-криминалистикалық оқу полигоны Өскемен қаласында ШҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының базасында ойдағыдай жұмыс істеп тұр.

Криминалистикалық палигонда өткізілген тәжірибелік сабақтардың мақсаты теориялық білімін жетілдіру, ғылыми-техникалық құралдарды және әдістерді қолдану тәсілдерін үйрету болып табылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar