USD491.7EUR531.28RUB5.07

Жыл басынан бері 4 мыңға жуық шығысқазақстандық зейнетке шықты.

06 тамыз 2020, 15:50
Жыл басынан бері 3866 шығысқазақстандық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық шығысқазақстандық зейнетке шықты.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш зейнет жасы толғанға дейін 10 күн бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі арқылы берілетінін еске саламыз. ХҚО-ға бару үшін алдымен egov.kz порталы немесе eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы кезек уақытын брондау қажет.

Сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында мемлекеттік корпорация eGov.kz порталына электронды өтінішті жіберу арқылы қашықтан зейнетақы тағайындау мүмкіндігі қарастырылған.

Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба немесе біржолғы жасырынсөз арқылы egov.kz порталына кіру керек. «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс береді. Содан кейін жеке ақпарат, оның ішінде электронды пошта мекенжайы, телефон нөмірі, қызмет атауы және т.б. мәліметтер толтырылуы тиіс.

Сондай-ақ құжаттардың сканерленген немесе фото көшірмелерін (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz веб-сайтындағы «Мемлекеттік қызметтер стандарттары» бөлімінен білуге болады), соның ішінде қызмет алушының жеке қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті де жүктеу қажет. Жолданатын тарап бағанында – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалын таңдап, өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қойылуы тиіс.

Мемлекеттік қызмет нәтижесі қызмет алушының жеке кабинетінде көрсетіледі.

БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер мен  базалық зейнетақы төлемдеріне өтініш композит аясында бір өтініш арқылы ұсынылады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar