"Бұл індет өршіп кеткен кезде қазақстандықтардың көбісі коронавирус пен пневмонияның диагностикасына және емдеу шараларына өз ақшасын жұмсады. Осыған байланысты медициналық сақтандыру қоры індеттен жазылғаннан кейінгі оңалту шығындарын өтеп беруге шешім қабылдады", - деді Төкежанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, мамандар медициникалық қызметтерді зерделеп шыққан. Сол кезде инфекциядан кейін оңалту шараларына сұраныстың жоғары екенін анықтапты.
"1406 байланыс орталығына да осы мәселеге қатысты сұрақтар жиі түседі. Сол себепті медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау министрлігімен бірге жазылып шыққан пациенттерді оңалту алгоритмін әзірлеуде. Біз әр түрлі көмекті қарастырып жатырмыз. Емханадан бастап оңалту орталықтарына дейінгі көмектер бар. Тіпті, аурудың салдарына қарай санитарлық-курорттық ұйымдарға жіберу мәселесі де қаралады", - деп түйіндеді Төкежанов.