
Мемлекет басшысының айтуынша, қаржының барлығы эпидемиямен нақты күреске бағытталуы керек.
Сонымен қатар, ол бағаны тұрақтандыруға, азаматтарды қажетті азық-түлікпен, жұмыспен қамтамасыз етуге, экономикалық белсенділікті арттыруға және цифрлық технологияны дамытуға қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.
- Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар жүйелі әрі толыққанды орындалуы тиіс. Бұл мәселе әрбір әкімнің ерекше бақылауында болуы қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.