- Қала аумағында автокөлік және азаматтардың қозғалысы бұрын берілген жұп және тақ күндерге арналған рұқсаттама арқылы жүзеге асады. Саябақтарда, алаңдарда, жағалауларда жүруге тыйым салынады.
- демалыс және мереке күндері, сондай-ақ жұмыс күндері түнгі сағат 22:00-ден таңғы 05:00-ке дейін Жеке көлікті пайданалануға шектеу қойылады.
- Аптаның жұмыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы сағат 10.00-ден 16.00 аралығында шектеліп, сенбі, жексенбі және мереке күндері толығымен тоқтатылады.
- Барлық ірі сауда объектілерінің жұмысы сағат 10.00 ден бастап 19.00 ге дейін қысқартылып, сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмыс жасауға толығымен тыйым салынады. Үй жанындағы дүкендерге сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
- Ойын-сауық, спорттық, отбасылық сондай-ақ еске алу және басқа да көпшілік іс-шараларды, оның ішінде үйге шақыру арқылы өткізуге тыйым салынады.
- Қаулының толық мәтінімен Шығыс Қазақстан облысының, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ресми сайтынан таныса аласыздар
Семей қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы