USD0EUR0RUB0

Әкімдердің өкілеттігімен қатар жауапкершілігі де күшеюі керек – Президент

28 қараша 2025, 14:57
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы әкімдердің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту қажеттігін айтты.
Әкімдердің өкілеттігімен қатар жауапкершілігі де күшеюі керек – Президент

 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңда әкімнің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін нақтылайтын норма жоқ. Бұл — дұрыс емес.

Әкімдер тұрғындарға сайлау алдындағы бағдарламасының орындалуы туралы жиі есеп беріп тұруға тиіс. Мұны заңмен бекіту керек.

Уәдесін орындамайтын, міндетін дұрыс атқармайтын ауыл басшысын қызметінен босату тетіктері қарастырылуы қажет. Ондай әкімдер халықтың талабымен немесе саяси партиялардың ұсынысымен жұмыстан шығарылуға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның пайымынша, сонда әкім болуға үміткерлер де елге экономикалық негізі жоқ құрғақ уәде бере алмайды.

«Мұндай жалаң сөздер, яғни популистік әрекеттер халықтың ауыл әкімдеріне, тіпті тұтас сайлау институтына деген сенімін азайтуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar