Филиал өз есігін 2022 жылдың қыркүйегінде ашты және аймақ өмірінде маңызды орынға ие болды. Оның қызметі реттеушінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Абай облысындағы филиал ақша-кредит саясатын, валюталық реттеу мен бақылауды іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ өңір бойынша қаржы нарығы мен сыртқы сектордың статистикасын жинауға және талдауға қатыса отырып, осы мақсатқа қол жеткізуге өз үлесін қосуда.
Экономикалық жағдайды тиімді бақылау үшін филиал қызметкерлері экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға – өнеркәсіптік өндірістерден бастап шағын бизнеске дейін тұрақты мониторинг жүргізеді. Сауалнамалар мен деректерді талдау өндіріс, жұмыспен қамту, инвестициялар және өнімге сұраныс тенденцияларын анықтауға, сондай-ақ баға динамикасы мен инфляциялық болжамдарға қандай факторлар әсер ететінін түсінуге көмектеседі.
Кәсіпорындардан бұл кері байланыс экономикадағы өзгерістерге дер кезінде әрекет етуге және ақша-несие саясатының тиімді шараларын жасауға көмектеседі.
Филиал қызметінің негізгі бағыттарының бірі – валюталық реттеу және бақылау. Филиал қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензияларды беру, қайта ресімдеу, тоқтату немесе одан айыру, уәкілетті ұйымдардың қызметін бақылау, сондай-ақ Абай облысының аумағында валюталық заңнама талаптарын түсіндірумен айналысады.
Мұндай қызмет өңір аумағында валюталық операциялардың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді, бұл қаржы жүйесінің тұрақтылығы үшін ерекше маңызды.
Аса маңызды бағыттардың бірі – статистикалық қызмет болып табылады. Филиал қызметкерлері банктердің, айырбастау пункттерінің, микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың есептілігін жинайды және өңдейді. Осы мәліметтер негізінде валюта ағындары мен сыртқы сектордың жағдайын бақылау үшін қолданылатын талдамалық шолулар жасалады.
Облыс тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары мен білім беру бастамаларына да көп көңіл бөлінеді. Филиал ақша-кредит саясатына, «Сақ стилі» банкноттарының жаңа сериясының ерекшеліктеріне және олардың қорғаныш элементтеріне арналған дәрістер мен кездесулер өткізеді.
Қазіргі таңда «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығымен бірлесіп, мектеп және колледж педагогтері алған білімдерін оқу процесіне одан әрі енгізу және оларды оқушыларға беру үшін қаржылық сауаттылық негіздерін оқытатын жоба іске асырылуда.
Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ұлттық Банктің Абай облысындағы филиалының (Семей қаласы) ұжымы қаржы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен, ал қазақстандықтарды – Ұлттық валюта – теңге күнімен құттықтайды!
Еліміздің қаржы жүйесінің одан әрі нығаюын, жаңа табыстар мен кәсіби жетістіктерді, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық дамуы жолындағы өркендеуді тілейміз!
ҰБ Абай облысындағы филиалының директоры
Алтынай Абдрахманова
О ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ФИЛИАЛА НАЦИОНАЛЬНОГО БАНКА РК В ОБЛАСТИ АБАЙ
Область Абай – один из самых молодых регионов Казахстана. Она была образована в 2022 году Указом Президента Республики Казахстан. Вместе с ней на карте финансовой системы страны появился новый филиал Национального Банка РК в области Абай.
Филиал открыл свои двери в сентябре 2022 года и уже успел занять важное место в жизни региона. Его деятельность направлена на реализацию ключевой цели регулятора – обеспечение ценовой стабильности в Республике Казахстан.
Филиал в области Абай вносит свой вклад в достижение этой цели, участвуя в содействии реализации денежно-кредитной политики, валютного регулирования и контроля, а также в сборе и анализе статистики финансового рынка и внешнего сектора по региону.
Чтобы эффективно отслеживать экономическую ситуацию, сотрудники филиала проводят регулярный мониторинг предприятий реального сектора экономики – от промышленных производств до малого бизнеса.
Опросы и анализ данных помогают выявлять тенденции в производстве, занятости, инвестициях и спросе на продукцию, а также понимать, какие факторы влияют на динамику цен и инфляционные ожидания.
Такая обратная связь от предприятий помогает своевременно реагировать на изменения в экономике и вырабатывать эффективные меры денежно-кредитной политики.
Одним из ключевых направлений деятельности филиала является валютное регулирование и контроль. Филиал занимается выдачей, переоформлением, приостановлением или лишением лицензий на проведение обменных операций с наличной иностранной валютой, контролем за деятельностью уполномоченных организаций, а также разъяснением требований валютного законодательства на территории области Абай.
Такая деятельность обеспечивает прозрачность и законность валютных операций на территории региона, что особенно важно для устойчивости финансовой системы.
Не менее важным направлением остаётся статистическая деятельность. Сотрудники филиала собирают и обрабатывают отчётность банков, обменных пунктов, микрофинансовых и коллекторских организаций. На основе этих данных формируются аналитические обзоры, которые используются для мониторинга валютных потоков и состояния внешнего сектора.
Большое внимание уделяется также разъяснительной работе и образовательным инициативам, направленным на повышение финансовой грамотности жителей области. Филиал проводит лекции и встречи, посвящённые денежно-кредитной политике, особенностям новой серии банкнот «Сакский стиль» и их защитным элементам.
Совместно с Национальным центром повышения квалификации «Өрлеу» реализуется проект, в рамках которого педагоги школ и колледжей обучаются основам финансовой грамотности, чтобы в дальнейшем внедрять полученные знания в учебный процесс и передавать их учащимся.
В преддверии профессионального праздника работников финансовой системы, коллектив филиала Национального Банка в области Абай (г. Семей) поздравляет всех работников финансовой сферы с профессиональным праздником, а казахстанцев – с Днём национальной валюты – тенге!
Желаем дальнейшего укрепления финансовой системы страны, новых успехов, профессиональных достижений и процветания на благо экономического развития Казахстана!
Директор Филиала НБ в области Абай
Алтынай Абдрахманова