USD423.87EUR505.25RUB5.59

Алакөл туристерді қабылдауға дайын ба?

11 маусым 2020, 09:29
Алакөлдің шығыс жағалауы туристерді 13 маусымнан бастап қабылдай бастайды. Биылғы маусымның өзгешелігі коронавирус инфекциясына байланысты демалушылардың қауіпсіздігі, денсаулығына басымдылық берілуінде. Себебі мұндағы қыдыру-демалу және жағалау аймақтары тығыз орналасқандықтан, инфекция жұқтырып алу мүмкіндігі де жоғары.
Алакөл  туристерді қабылдауға дайын ба?

Осыған орай арнайы мониторингтік топ күн сайын демалыс базалары мен тамақтану орындарын бақылауды, тексеруді, арнайы жадынамаларды таратуды қолға алған.

Арнайы мониторингтік топ бүгінде 175 демалыс базасын тексеріп үлгерген. Алайда оның 59-ы ғана әзірге барлық талап-норманы сақтап, демалушыларды қабылдауға дайын.

- Маусымның ашылуына толығымен дайынбыз. Базаға келетін әр демалушының дене қызуын өлшейміз, қолдарын антисептикпен залалсыздандырады. Тек содан кейін ғана біздің аумаққа өте алады, - дейді «Алатау» демалыс базасының иесі Гүлнар Абылғазинова.

Осы жылдың ерекшелігі демалыс базаларының иелері тек қана арнайы дайындық туралы актіні, яғни рұқсатнаманың мониторингтік топтан алған кезде ғана жұмыстарын бастай алады.

Сондай-ақ, демалыс базалары мен тамақтану орындарында жартысын ғана бір мезгілде болуы жалпы орынның 50%-ынан аспауы тиіс. 

Үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталуы керек.

Тұратын орындарда, жалпы пайдалану және адамдар көп жиналатын «Арбат» сияқты жағажай және серуендеу аймақтарында маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда, кемінде екі метр) қатаң сақтауы керек.

Ал жағалауда суға шомылу мен демалудың арнайы тәртібі көрсетілген белгілер қойылған. Демалушылар осы арақашықты сақтауы керек. 

Ал полиция қызметкерлері тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен шектеулерді сақтау тұрғысынан патрульдейді.

Жағалаудағы орталық трассаның бойында орналасқан Туристтік ақпараттық орталықта «Демалушының сауалнамасы» жүргізіледі.

Мерзімі өтпеген COVID-19 зерттеулерінен өту нәтижелері туралы анықтама болған жағдайда ғана орналастыруды қамтамасыз ете алады. Бір отбасы үшін оның бір мүшесінің зерттеу нәтижесінің болуы жеткілікті.

- Барлық демалыс базалары санитарлық-эпидемилогиялық норманы толығымен сақтауы тиіс. Одан бөлек демалушылардың COVID-19 талдауынан тексерістен өтті деген анықтама керек. Бұл туралы барлық демлалыс базаларына, туристік компанияларға айтылды, ескертілді және олар демалушыларға жолдамаларды сатып аларда осы талаптарды айтып, түсіндіруі шарт. Ал арнайы мониторингтік топ маусым бойы жұмыс істейді, - дейді ШҚО-ның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Марат Исмаилов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

25 қараша 2020, 12:19
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar