USD474.83EUR515.38RUB5.5

Еңбек қатынастары цифрландырылады

25 мамыр 2020, 14:22
Қазақстан Республикасы Президентімен 2020 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Заңның 2-бабына сәйкес, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2020 жылғы 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді.
Еңбек қатынастары цифрландырылады

Бұл туралы Шығыс Қазақстан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысы Бақытбек Қизатов мәлім етті.

- Еңбек қатынастарын реттеудің қазақстандық моделі қызметкерлер мен жұмыс берушілер мүдделерінің теңгерімін, әлеуметтік диалогты қамтамасыз ету негізінде дамуда. Заңға енген өзгерістер еңбекке ақы төлеу, қызметкерлерді жалдау, жұмыстан босату және ауыстыру, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мәселелерді қамтиды, - деді Бақытбек Қизатов.

Айта кетейік, Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының 5 Кодексіне және 6 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Брифинг барысында басқарма басшысы Еңбек кодексіне еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі туралы түсінік енгізілгенін атап өтті. Бұл еңбек шарттарын, еңбек қызметін және қызметкерлер санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе.

- Электрондық еңбек шарттарын енгізу, қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді, еңбек құқықтарын сақтау мониторингінің тиімділігін арттырады, құжаттарды қолдан жасау қауіпін болдырмайды және жұмысқа орналастыру процесін жеделдетеді. Енді енгізілген өзгерістерге сәйкес, қызметкер еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен еңбек шарты және өзінің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға, ал жұмыс беруші еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен үміткерлердің де (олардың алдын ала келісімімен) және қызметкерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқылы. Сондай-ақ, Кодекске сәйкес, жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы, сондай-ақ кейбір мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті, - деді Бақытбек Қизатов.

Басқарма басшысының айтуынша, еңбек шартын жасасу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жүргізіледі. Бұл жұмыс берушінің еңбек шартын қағаз жүзінде ғана жасасуды алып тастауға да мүмкіндік туғызады.

- Кадрлық іс жүргізуді цифрландыру мақсатында, жұмыс беруші қызметкердің еңбек шартында (жұмысты орындау орны, еңбек шартының мерзімі, лауазымы, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі және т.б.) көзделген еңбек қызметі туралы ақпаратты, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ) енгізуге міндетті.

Қазіргі уақытта, Министрлік электрондық еңбек шарттарын енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда, оның аясында біздің облыста 2129 ұйым жасалған еңбек шарттары туралы 99745-тен астам мәліметтер енгізілді, - деді Бақытбек Қизатов.

Еңбекке ақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілді

Түнгі жұмыс уакыты мереке немесе демалыс күнімен тура келген кезде, еңбекке ақы түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде және мереке, демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жеке төлемдер жүргізіледі. Бұл туралы Шығыс Қазақстан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлім етті.

- Сондай-ақ, өсімпұлдарды есептеу және төлеу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып, есептеледі және төлем жүргізуге тиісті келесі күннен басталып, төлем жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есептелінеді. Өсімпұлдар енгізілген өзгерістерге сәйкес, тек қана жалақыға ғана емес, сонымен қатар, жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу кезінде де есептеледі, - деді Бақытбек Қизатов.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar