USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай алаңы жаңа кейіпке енеді

07 мамыр 2020, 09:51
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласындағы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған дайындық жұмыстарымен танысты.
Абай алаңы жаңа кейіпке енеді

Айта кету керек, Абай алаңының бейнесі толығымен өзгертілмек. Жоба бойынша ойшылдың құрметіне арналған ескерткішті жарықтандыру, спорт және балаларға арналған алаңдар, автокөліктерге арналған тұрақ, субұрқақ салынбақ.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Абай театрындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Оған театр мен көрермен залының сыртқы безендірілуіне арналған жобалар ұсынылды.

Абай мұражайын қайта құру жұмыстары да алда. Жол төсемдерін ауыстыру, көгалдар мен гүлзарлар салу жоспарланған. Сондай-ақ ақынның құрметіне ерекше  ескерткіш орнатылмақ, онда ол ұлдарымен бірге бейнеленеді.

– Біз алғаш рет Абайдың ең жақын адамдары - оның ұлдарының ортасында көрсеткіміз келеді. Олар өздерінің ұлы әкесіне сүйіспеншілікпен және ризашылықпен қарайды. Мұндай ескерткіш еш жерде жоқ. Біз әрқашан да Абайды ұлы философ, данышпан ойшыл ретінде көреміз. Ал бұл жерде ол туған адамдардың ортасында. Бұл жерде біз Абайды өз отбасын сүйетін адам ретінде көрсетеміз. Және де оның балалары ретінде – бүкіл қазақ халқы табылып отыр, - дейді Даниал Ахметов.

ШҚО әкімі ойшылдың мерейтойына арналған шараларды лайықты деңгейде өткізу керектігін еске салып, жұмысқа жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar