USD521.81EUR543.67RUB5.05

Мектеп инфрақұрылымын жаңартудың оқу процесіне оң әсері

Кеше 16:36
Жыл қорытындысы бойынша елімізде 200 мыңнан астам оқушы орны құрылды. Оның ішінде білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 23 нысан бар. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен – 126 мектеп.
Мектеп инфрақұрылымын жаңартудың оқу процесіне оң әсері

Бұрын-соңды болмаған мектеп салу шаралары үш ауысыммен байланысты проблемаларды айтарлықтай қысқартты. Бүгінде елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Сонымен қатар 254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті, 967 мектеп үшін 1621 заманауи пәндік кабинет (робототехника, химия, биология, физика, STEM) сатып алынды. 1 мың ауылдық мектеп жаңғыртылды. 10 мыңнан астам білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жарақтандырылуы арттырылды.
 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беруді цифрландыру процесін жеделдету бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша интернет жылдамдығы мектептердің 19%-дан 90%-ға дейін ұлғайды. Қазақстандық мектептерде сапалы интернет көрсеткіші 3 есеге артты. Бұл ретте мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды және 11 платформада қолжетімді.
 Астана, Маңғыстау, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының 215 мектебінде тиісті санаттағы балаларды тегін тамақтандыруға арналған «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске асырылуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar