- «Фирма Азия» ЖШС жақсы жұмыс атқаруда. Есіңізде болса, бұл компания көпфункционалды мәдени-спорт кешенін салды. Осы жылы біз мұнда 25 үй салғымыз келіп отыр, - деді Даниал Ахметов.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша 92 үйдің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамамен жұмыс жүргізілуде. Сонымен, алдағы жылдары Қарағайлы шағын ауданында 60 000 отбасы қоныс тойын тойлайды.
- Мұнда өте жақсы сәулеттік шешім. Тұрақтар жоспарланған, аумақ абаттандырылады. Қарқын жеткілікті дәрежеде жоғары. Барлығы белгіленген жоспарға сәйкес жүріп жатыр, - деді ШҚО әкімі.
Монымен бірге аймақ басшысы биылғы жылы Семейде инженерлік инфрақұрылымдарды жөндеу мен абаттандыруға көп көңіл бөлінетінін атап өтті.
- Біз Жұмыспен қамту жол картасына сәйкес инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға қосымша қаражат бөлеміз. Мен әлеуметтік тұрғын үй құрылысының жоғары қарқынының жақсы перспективаларын көріп отырмын. Тұрғын үй құрылысын жалғастыру керек, - деді Даниал Ахметов.
Семей қаласының ақпараттық орталығы