
Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдардың келісімімен биыл рамазан айы елімізде 11 наурызда басталады. Сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – ораза айт мерекесі болып бекітілді.
-Биылғы Рамазан айының ерекшелігі Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. 22 Наурыз күні мешіттердің қасында ұлттық ойындар ойнатылып, әртүрлі сайыстар болады. Жалпы осы айда мұқтаж жандарға көмектесу, қайырылымдық көрсету және тағы басқа 64 қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ораза айы толық 30 күн. Мешіттерде оқылатын тарауық намазынан кейін қарт адамдардың үйлеріне жетуі үшін қоғамдық көлік мәселесін қарастырып жатырмыз,-деді бас имам.
10 сәуір күні таңы сағат 7-де айт намазы оқылып, айт мерекесі басталады. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының шешімімен биылғы ораза айында бір жан басына пітір садақа мөлшері 640 теңге болып бекітілді.
Баспасөз-мәслихатында бас имам марқұмдардың қырқы және жылдық асын ауызашар уақытында ұйымдастырса деп қорытындылады.