USD502.47EUR525.83RUB5.68

Болашақ Оқушылар сарайының құрылыс алаңына уақыт капсуласы салынды

01 наурыз 2024, 17:02
Әуезов көшесі 1 мекенжайында орналасқан көпфункционалды орталық жоба бойынша 6 функционалдық аймаққа бөлінген. Нысан «Балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу жөніндегі» республикалық Жол картасының 85-тармағын орындау бойынша салынуда.
Болашақ Оқушылар сарайының құрылыс алаңына уақыт капсуласы салынды

Құрылыс Абай облысының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары шеңберінде іске асырылуда.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов атап өткендей, көпфункционалды орталық заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылып, мектеп оқушыларының қосымша білім алуға деген сұранысын қамтамасыз ете алады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында оқушыларға арналған көпфункционалды орталық салынуда. Орталық 6 функционалды аймаққа бөлінеді, олардың әрқайсысында заманауи технологиялар қолданылады. Семейде Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы бұрыннан бар,ол біріншіден қаланың оң жағалауында орналасқан, екіншіден, қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасы жоқ. Жаңа орталықта робототехника кабинеттері, спорт секциялары орналасады, - деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Сондай-ақ, қала әкімі құрылысты аяқтау келесі жылға жоспарланып отырғанын айтты.

— Орталыққа кіреберістерді қалалық қызметтермен пысықтаймыз. Мұнда кіру, автотұрақ, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған екі көпір өткелі болады. Балалардың қауіпсіздігі толығымен қамтамасыз етіледі. Қала әкімдігі осы жобаларға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде, - деп қорытындылады қала әкімі.

Орталықта ұсынылатын бағыттар:

• ғылыми-техникалық (нейроробототехника, астрономия, бағдарламалау кабинеттерімен);
• әр түрлі шығармашылық студиялары бар көркемдік және эстетикалық бағыт;
• спорттық-сауықтыру ( үлкен және кіші бассейндері, шығыс жекпе-жек залдары, фитнес-залдары).

Гуманитарлық, психологиялық бағыттарға сенсорлық бөлме мен сөйлеуді дамыту кабинеті, тарихи-өлкетану Co-working кітапханамен және басқа секциялар кіреді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar