USD474.83EUR515.38RUB5.5

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ӨРТ САНЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ТӨМЕНДЕДІ

23 ақпан 2024, 16:14
Ағымдағы жылы жеке тұрғын үй секторында 180 өрт, ал өткен жылдың қорытындысына сәйкес – 304 өрт тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы» бастығының орынбасары Алексей Штыкель баяндады.
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ӨРТ САНЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ТӨМЕНДЕДІ

-Жылыту кезеңі басталғаннан бері жеке тұрғын үй секторында 180 өрт тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Соңғы бір апта ішінде 14 өрт тіркелді, оның 7-і өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себебінен орын алды. Бұл ауа-райының қолайсыздығы мен  облыс бойынша температураның күрт  төмендеуіне байланысты. Сонымен қатар, ағаш конструкциялардың өртенуі мен пештің қызып кетуі жиі орын алған, – деп атап өтті Алексей Штыкель.

Құтқарушылар өрттің  алдын алу, түсіндіру және көміртегі тотығын ұстайтын датчиктерді орнатуға байланысты үлкен жұмыстар  жүргізуде.

-Аулаларды аралау және тексеру  кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне басты назар аударылады. Облыста осы санаттағы 9 800-ден астам адам тіркелген. Біз биылғы жылы әлеуметтік осал отбасылар 100% - қамтылды,. Сондай-ақ,  бекітілген жоспар бойынша көміртегі тотығы датчиктерін сатып алып, жоспарды іске асыруды жалғастырудамыз. Көптеген қалалар мен аудандардың әкімдіктері жоспарды мерзімінен бұрын орындады. Бүгінде 7 337 датчик орнатылған, қосымша тағы да  2,5 мыңнан астам датчик орнату қажет. Кеше ғана Бородулиха ауданында осындай сенсор іске қосылды. Тұрғындар дыбыстық сигналдан оянып, екі ересек және бес баланың өмірін сақтап қалдық, - деді Штыкель.

Абай облысында көміртегі тотығымен улану фактілері де тіркелген. Алайда, құтқарушылардың  жүргізген профилактикалық жұмыстарының арқасында ешкім зардап шекпеді.
-Өрт қауіпсіздігімен  қатар, көміртегі тотығымен улану фактілері де бар. Жыл басынан бері 9 адам көміртегі тотығымен уланған.Алайда, қаза тапқандар тіркелген жоқ. Департамент тарапынан орындалуы тиіс барлық жұмыстар жыл бойы жүргізіледі. Тамыз айынан бастап өрттің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейміз. Бұл жұмыс жылыту маусымының соңына дейін жалғасатын болады, - деп қорытындылады спикер.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar