USD442.05EUR474.14RUB4.74

ҚЫЗЫЛШАДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

09 қаңтар 2024, 15:47
Қызылша - бұл қызба, интоксикация, папулезды бөртпенің кезең-кезеңімен пайда болуымен, конъюктиваның және жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын жедел инфекциялық, жоғары жұқпалы вирустық ауру.
ҚЫЗЫЛШАДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Бүгінде елімізде қызылшаны жұқтырғандар санының көбейгені байқалады. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде қызылша ауруына қатысты жағдай бақылауда екенін, сонымен қатар, кейінгі 15 жыл ішінде республикамызда 3 рет қызылша ауруының көп тіркелгенін мәлімдеген болатын. Бұл – 2005, 2015 және 2019 жылдарды қамтыған. Аурудың кезекті өсуі 2023 жылы басталды. 2023 жылдың соңына қарай елімізде 29 648 жағдай тіркелген. Оның 80 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі.

 Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, өткен жылдан бастап Абай облысында қызылшаның расталған 250 жағдайы тіркелді. Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде 26 036 адам екпе алды, оның ішінде 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 3261 бала, 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі 18 669 бала, 1984 медицина қызметкері және 18 жасқа дейінгі 2122 бала мен жасөспірім толықтыра иммундаумен қамтылды.

Жалпы қызылша ауруының дамуының үш кезеңі бар: 1 – кезеңде(1-3 күн аралығында) қызу көтеріледі, мұрыннан су ағып, жөтел және (қызыл жолақпен қоршалған кішкентай ақшыл дақ – «жарма»  пайда болады; 2 – кезеңде Макуло-папулезді сипаттағы кезең-кезеңімен бөртпенің шығуы:

1-күн – бетте, мойында, құлақтың артында бөртпе;

2-күн – денеде;

3-күн – қол-аяқта.

3-Кезең – пигментация (пигментация басталғаннан бері 4-күннен бастап)

-бөртпе сияқты бірізділікпен жүреді;

-кебек сияқты қабыршықтану;

-ұзақтығы 1-1,5 апта.

Қызылша асқынса, пневмония, мидың зақымдануы, соқырлық пен кереңдік, шашыраңқы склероз, бүйректің зақымдануы сияқты қауіпті ауруларға алып келуі мүмкін.

Қызылшаны емдеудің арнайы және тиімді емі жоқ. Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы - вакцинация. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша облыс емханаларының барлық егу кабинетінде тегін жүргізіледі.

Құрметті ата-аналар! Сіздің балаңыздың денсаулығы - Сіздің қолыңызда! Осыған байланысты ата-аналарды өз баласының денсаулығына жауапкершілікпен қарап, екпелерді уақытында алуға шақырамыз!

 

 

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау Департаменті

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar