USD0EUR0RUB0

Абай гарнизонына жас толым келуде

01 қараша 2023, 11:22
Күзгі шақыру науқанына байланысты 44736 әскери бөліміне мерзімді қызметін өтеуге Ақмола облысынан жас толым келді.
Абай гарнизонына жас толым келуде

         Келген жас сарбаздарға қызметін өткеретін әскери бөлімнің жауынгерлік жолы, жиын әкімшілігі таныстырылды.

         Әскери бөлімде мерзімді қызметін өткеруге бүкіл жағдай жасалған. Жас сарбаздардың әскери өмірге бейімделу кезеңі тәжірибелі офицерлер мен білікті сержанттардың қарамағында өтеді. Басында сарбаздар әскери тәртіпке бейімделіп, әскери істің негіздерімен танысады. Бір айға жуық уақытта әскери істің негіздері бағдарламасын толық меңгерген сарбаздар әскери ант қабылдау рәсімін өткізеді.

  • Әрбір ер – азамат Отан алдындағы қасиетті борышын өтеу керек. Біздің аталарымыз бен әкелерімізде мерзімді қызметтерін атқарған, енді бізге де сол кезек келіпті, - дейді 44736 әскери бөлімінің жас сарбазы қатардағы жауынгер Әділ Айтбаев.

 

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar