USD502.47EUR525.83RUB5.68

Семейде әскери-патриоттық тәрбие күшейтілуде

20 қазан 2023, 15:45
Гарнизондық офицерлер үйінде мектеп оқушыларына арналған кезекті әскери-патриоттық тәрбие шарасы өткізілді. Шара барысында оқушыларға арнап Жауынгерлік даңқ және Қарулы күштер музейлерінде экскурсия өткізіліп, қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылды.
Семейде әскери-патриоттық тәрбие күшейтілуде

         Кездесу барысында Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері келген жас қонақтарға Қарулы күштерге қарасты оқу орындары туралы бейнероликтер көрсетіп, сол оөу орындарына түсу тәртіптері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздеріне қызық сұрақтарын қойып, толық қанды жауаптарын алды.

         Сонымен қатар, «Айбын» халықаралық жастар жиынының «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубының капитаны, №5 гимназияның оқушысы Олжас Самархан сөз сөйлеп, келесідей ақпаратпен бөлісті:

         -Отан – отбасынан басталады, сол Отанымыздың келешегін бізге бұйырған. Әскери – патриоттық клубтардың мүшелер саны жыл сайын артуда, әрбір қосылған жаңа оқушыға «Жас сарбаз» қозғалысының мүшесі болу – мақтан, - деді ол.

         Шара соңында гарнизондық офицерлер үйінің көркем өнерпаздарының концерттік бағадарламасы көпшіліктің көңілінен шығып, шырқалған әндерді естіген жастар би билеп, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

 

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі  

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar