
Қазір Молдағалива көшесінде «KazMinerals» компаниясымен облыс әкімдігі арадсындағы келісімшартқа сәйкес 1200 орынға арналған мектептің құрылысы басталып та кетті.
— Алдын ала жоспар әзірленіп, құрылыс алаңы дайындалды. Ескі ғимараттар сүріліп, инженерлік желілер алынып, бірінші, үшінші блоктардың іргетасы қаланды. Қазір екінші және төртінші блоктардың іргетасы қалануда,- деді
Жобалау жұмыстарын биыл 11 қарашаға дейін аяқтау көзделіп отыр. Одан әрі қаңтар айының ортасына дейін мемлекеттік экспертиза өтпек. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың шілдесіне дейін аяқталады деп жоспарлануда. Қазір құрылыс аумағына 43 маман жұмылдырылған, оның 35-і құрылысшы.