USD472.62EUR513.22RUB5.43

«SHARCEM» ЖШС-дегі жағдай Абай облысы әкімдігінің бақылауында

06 қыркүйек 2023, 17:24
«SHARCEM (ШАРЦЕМ)» ЖШС-де орын алған еңбек қатынастары мен жұмысшылардың құқығы мәселесі Абай облысы әкімдігінің қатаң бақылауында.
«SHARCEM» ЖШС-дегі жағдай Абай облысы әкімдігінің бақылауында
Жағдайды реттеу үшін 6 қыркүйекте облыс әкімінің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтеді деп жоспарланған. Бұл комиссияның құрамына жұмыс берушілер, кәсіподақ ұйымдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Жиында еңбек қатынастары саласындағы мәселелерін талқыланады.
Отырыс барысында келесі кәсіпорындарға қатысты мәселелер қаралады:
- «Семей машина жасау зауыты» АҚ;
- «Теплокоммунэнерго» АҚ;
- «SHARCEM (ШАРЦЕМ)» ЖШС;
- «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС.
«SHARCEM» ЖШС өкілдерімен өткен кездесуде қызметкерлердің жалақысын көтеру және еңбек жағдайын жақсарту мәселелері келісім арқылы шешілген болатын. Сондай-ақ, тұрмыстық жағдайды жақсарту мақсатында асхана мен жатақханаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастары Еңбек кодексімен реттелетінін естеріңізге саламыз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін барлық шараларды қабылдайтын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar