
Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев та қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
Жылда кең көлемде тойланатын ұлттық мереке түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктірді. Семейлік қолөнер шеберлерінің сәндік-қолданбалы бұйымдар көрмесі қойылып, Абай облысының өлкетанушылары ескі жәдігерлер топтамасын халыққа ұсынды.
Сондай-ақ, татар мұражайы «Татар халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі» тақырыбында экскурсия ұйымдастырды. Бұдан бөлек, концерттік бағдарлама ұсынылып, республиканың түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар өнер көрсетті. Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі байқауларға қатысып, татар халқының ұлттық ойындарын тамашалады.
Сабантой – күз маусымының басталуына сәйкес келетін, бауырлас халықтың мәдени мұрасын, қонақжайлылығын көрсететін көне мереке.