USD502.47EUR525.83RUB5.68

ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

22 тамыз 2023, 15:40
Биыл Семей қаласына қарасты ауылдық округтерде ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Ауылдардың инфрақұрылымдарына бөлінген қаражат былтырғымен салыстырғанда 1,5 есеге көп.
ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың  Көкентау ауылының тұрғындарымен кездесуінде тұрғындар  ауылдық округте маман тапшылығын айтып, жастардың ауылға келуге ниеті барын, бірақ тұрғылықты жерінің болмауына байланысты жастар ауылға келгісі келмейтіндігін жеткізген болатын.

Аталмыш кездесуден кейін Нұрбол Нұрсағатов ауыл әкіміне үй салуға арнайы орынды қарастырып, бюджеттік үй салуды қолдайтынын жеткізді.

Қазіргі таңда Көкентау ауылында «SemBuild» ЖШС құрылыс үшін жер учаскесін рәсімдеді, мемлекеттік акт алынды. 15 тамызда құрылыс басталды, іргетас орнату жұмыстары жүргізілуде. Үй құрылысын қазан айының соңына дейін аяқтап, халық игілігіне беру көзделуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar