USD474.83EUR515.38RUB5.5

Президент медицина мамандарына алғыс білдірді

18 наурыз 2020, 10:09
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мамандарына алғыс білдірді.
Президент медицина мамандарына алғыс білдірді

«Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.


Бұған дейін Қ.Тоқаев төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшуді тапсырған болатын.

«ТЖ режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады», - деді Президент.

Еске салайық, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстанда 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Ал 19 наурыздан бастап инфекция тіркелген екі қалада - Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізіледі.

17 наурыз, сағат 19.00-дегі жағдай бойынша, Алматы қаласында инфекцияға шалдыққан – 15, Нұр-Сұлтан қаласында - 18 адам, жалпы 33 науқас тіркелді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar