USD502.47EUR525.83RUB5.68

Қытай машина жасау компаниясы өз өнімдерін Абай облысында шығаруға ниетті

18 тамыз 2023, 17:07
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың және әкімдіктің құрылымдық басқарма басшыларының қатысуымен қытайлық Geely компаниясының өкілдерімен кездесу өттті.
Қытай машина жасау компаниясы өз өнімдерін Абай облысында шығаруға ниетті

Шетелдік компания электр қозғалтқышты жеңіл, коммерциялық, мамандандырылған техниканы танстырды.

Қытай тарапы электронды форматта автомобильдер желісінің тұсаукесерін ұсынып, екіжақты өзара іс-қимыл ынтымақтастық мәселелерні талқылады.

Сонымен қатар, Семей қаласының аумағында электромобильдерді құрастыратын машина жасау зауытын салу мәселесі де көтерілді. Бұдан бөлек, Geely компаниясы әртүрлі кластағы автобустар, таксилер мен электр қуаттандыру стансаларының жабдықтарын өндіруді ұсынып  отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar