USD482.77EUR509.71RUB5

Абай облысында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін шешуде ілгерілеу байқалады

17 тамыз 2023, 17:00
Бұл бағытта жұмыс істеу үшін арнайы облыстық ведомствоаралық комиссия құрылды.  
Абай облысында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін шешуде ілгерілеу байқалады

Жарма ауданында бірқатар оң көрсеткіштер бар. Мәселен, 11 жер пайдаланушыдан жалпы көлемі 16 523,7 га жер учаскелері қайтарылды.
 
Келесі жұмыстар атқарылды:

Суықбұлақ ауылындағы «Ақжан» шаруа қожалығы 160,0 га, «Адлет Жан Са Ерасыл» шаруа қожалығы 2180,0 гектар жерді қайтарды. «Атамекен» шаруа қожалығы Қапанбұлақ ауылдық округінен 7400,0 га, Қызылағаш ауылдық округінен 5000,0 га жер мемлекетке қайта берілсе, «Медеу» шаруа қожалығы Аршалы ауылдық округінен 539,6 га, Қалбатау ауылдық округінен «Шынар» шаруа қожалығы 18,1 га жерді қайтарды.
 
Облыстың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасымен пайдаланушыларға тұрақты негізде пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне өз еркімен қайтару бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2023
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar