USD524.65EUR552.19RUB5.14

Қазақстанда астық қоры жеткілікті ме

16 наурыз 2020, 11:04
Елде бар астық көлемі халықты қамтамасыз ету, тұқым мен жемшөп қорын қалыптастыру үшін жеткілікті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті.
Қазақстанда астық қоры жеткілікті ме

«Егін жинау қорытындылары бойынша 17,4 млн тонна астық бастырылды, бұл 2018 жылдың деңгейінен 2,9 млн тоннаға немесе 14 пайызға аз. Бүгінгі күні республика бойынша қолда 10,2 млн тонна астық, оның ішінде 7,8 млн тонна бидай бар», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, астықты ішкі тұтыну көлемі 1 шілдеге дейін (жаңа маркетинг жылының басы) шамамен 5,8 млн тоннаны, бидай 3,8 млн тоннаны құрайды.

 «Экспорттық әлеует 3,1 млн тонна астықты, оның ішінде бидай 2,7 млн тоннаны құрайды. Өтпелі қалдық шамамен 1,3 млн тоннаны қамтиды. Осылайша, елде бар астық көлемі халықты қамтамасыз ету, тұқым мен жемшөп қорын қалыптастыру үшін жеткілікті. Бұл ретте, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 604 мың тонна астық көлемінде азаймайтын қор қалыптастырды», - деді Сапархан Омаров.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar