USD502.47EUR525.83RUB5.68

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА 200 ГРАНТ БӨЛДІ

08 тамыз 2023, 16:56
2023-2024 оқу жылына жергілікті бюджеттен бакалавр мамандығына 200 грант бөлінді (Абай облысы әкімінің гранты). Грант иегерлерінің тізімі 20 тамызда білім басқармасының сайтында жарияланады. Білім беру грантын иеленетін үміткерлерге тағайындалатын жеңілдіктер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында көрсетілген жеңілдіктер негізінде жүзеге асады. Құжаттарды жоғары оқу орындары қабылдайды. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі: өтініш; білімі туралы құжат (аттестат немесе диплом қосымшасымен) - түпнұсқа; жеке куәлігінің көшірмесі; 075/У үлгісіндегі анықтама; тест нәтижесі көрсетілген сертификат; 3*4 фотосурет – 4 дана)
АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА 200 ГРАНТ БӨЛДІ

Облыстың еңбек нарығында жоғары білімі бар кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік тапсырыс негізінде 200 орын көзделген, білім беру грантының 190 орны – педагогикалық, экономикалық, техникалық, құрылыс, медициналық, ауыл шаруашылығы және IT мамандықтарына арналған. Бұдан бөлек, теологтар мен дефектологтардың қажеттілігіне байланысты 10 білім грант бөлінді. Гранттар туралы толық ақпарат білім басқармасының ресми сайтында орналастырылған. Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын (әкім грантын) беру конкурсына қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 5-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Осы жылдың 19 тамызында конкурстық комиссияның отырысы өтіп, сонда грант иегерлері анықталады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar