
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚО) арқылы – 1856 (0,66%), ал «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 1 318 442 қызмет (47,3%) берілген. Қызметтің бір бөлігі «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылды. Оның жалпы саны - 12 341 (0,44%) құрады. Электронды түрде көрсетілетін қызметтің ақпараттық жүйелері арқылы, оның ішінде қызмет алушымен тікелей байланыссыз – 917 054 (32,8%), тікелей байланыс арқылы – 491 203 (17,6%) құжат ұсынылған.
Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырсақ, былтыр екінші жартыжылдықта 2,514 млн қызмет көрсетілсе, оның 96,8% электронды түрде жүзеге асырылған.