
Абай облысы әкімінің орынбасары Үржардағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі үшін салынып жатқан қосымша екі қабатты ғимараттың құрылысымен, Көктерек ауылындағы орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Қабанбай ауылындағы амбулатория ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын көріп қайтты. Мердігер компания «Градстройсервис» ЖШС-не қарасты Аягөз ауданындағы абаттандыру жұмыстары мен Үржар ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылыс-жөндеу жұмыстары баяу жүргізілуде.
Димитрий Гариков мердігерлерге жұмысты тездетуді және құрылыс-жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.Сондай-ақ, мердігерлерге алдағы уақытта арнайы тексеру жүргізілетіні ескертті.