USD502.47EUR525.83RUB5.68

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ҚАРҚЫНДЫ

08 тамыз 2023, 16:46
Абай облысында кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасын іске асыру аясында халықтың әлеуметтік осал топ өкілдеріне кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға 400 АЕК-ке дейінгі өтеусіз мемлекеттік гранттар беріледі.
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ҚАРҚЫНДЫ

Грант иегерлерінің бірі Қайрат Перизат Серікқазықызы биыл Үржар ауданында өз кәсібін ашты. Жаңа өтінімдер 2023 жылдың 11-22 қыркүйек аралығында қабылданатын болады.Ағымдағы жылы 204 грант беру жоспарланса, оның 128-і берілді. Көп балалы отбасылар – 70, мүгедектер – 22, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар– 20, АӘК алушылар – 7, асыраушысынан айрылған жәрдемақысын алатындар – 7, ішкі көші-қонмен келгендерге - 2.Грант алуға жұмыссыздар және кем дегенде тіркеу мерзімі үш жыл болған жеке кәсіпкерлер өтініш бере алады. Бұл ретте өтініш беруші әлеуметтік осал топ санатының біріне жатуы, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімде «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерінен оқудан өткені туралы сертификаты болуы тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar